



Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ОІЖО А. Сыдықова “Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі”ББЖМ жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсе, ДТІЖО А. Маратова «Бала-Қоғам-Қауіпсіздік» тақырыбында кеңінен талқылап, қоғамдағы іс әрекеттердің балаға әсері туралы кеңінен баяндап, бейнеролик көрсетті.
Негізгі бөлімде интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру мақсатында " Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері"тақырыбында мектеп психологы А. Сансызбайқызы “Интернетке тәуелділік” туралы видеоролик көрсетілді.


1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Қарым-қатынас, сананың прогреске ашықтығы, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, позитивті ерік.


